Әлем • 16 Тамыз, 2021

 Жалған анықтама сатқандар ұсталды

175 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ондаған жал­ған Snapchat қолда­ну­шылары Франция аза­маттарына жал­ған COVID-19 меди­ци­налық сертификаттарын сатқан.

 Жалған анықтама сатқандар ұсталды

Тергеу нәтижесінде бұл қолданушылардың тұрғындарға бірнеше сағат ішінде медициналық рұқсат қағаз жасап беретінін айтып қызықтырғаны анықталды. Коронавирус вакцинасын салдырмай-ақ еркін жүріп-тұруға мүмкіндік беретін COVID-19 ме­дициналық рұқсат қағазын пайда­лан­ғы­сы келетін Франция азаматтары алаяқ­тар­дың алдауына түскен. «Біздің қызметі­міздің арқасында вакцина алу – әркімнің өз еркінде», деп жазған парақшалардың бірінде.

Өткен айда Франция 50-ден астам адам жиналатын барларға, мейрамханалар мен мәдени орындарға бару үшін азаматтар міндетті медициналық рұқсат қағазын көрсетуі керек деген ереже енгізген. Ірі сауда орталықтарына барғысы келетін немесе белгілі бір көлік түрлерімен саяхаттауға ниетті адам­дар өздерінің COVID-19-ға қарсы толық вакцина салдырғанын, індеттен айық­қанын немесе теріс сынақтың нәтижесін көрсетіп дәлелдеуі керек. Осыған ұқсас шаралар ЕО-ға мүше басқа мемлекеттерде де енгізілді.

Алайда бұл шешімге мыңдаған еу­ро­палық наразылық білдіріп, көшеге ше­руге шықты. Ал қылмыскерлер жал­ған сертификаттар сатып, адамдарға  Фран­цияның медициналық сақтандыру базасында вакцина салдырған деп тіркеуге уәде беріп, пайда көруге тырысты.

Қылмыскерлер Snapchat қолдану­шыларынан жалған куәлік алу үшін тек олардың аты-жөнін, ұлттық сақтандыру нөмірін, электронды поштасы мен тұратын мекенжайын сұраған. Жалған медициналық құжат жасату бағасы 140 еуродан  350 еуроға дейін жеткен. Мұндай қыл­мыс жасаушыларға Францияда бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған және 150 000 еуро айып­пұл салынады. Ал жалған рұқсат қағаздарын сатып алғандар үш жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін. Францияның медициналық сақтандыру органдары мамыр айынан бастап полицияға жалған COVID-19 медициналық құжаттарына байланысты 46 өтініш келіп түскенін хабарлады.